10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні онкүндігі аясында мектебіміздің 11-сынып оқушыларымен «Кімнен қандай ақыл-кеңес және көмек сұрауға болады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: ҰБТ қарсаңында қолдау көрсетуге, бір-бірімен пікір алмасуға үйрету, жауапкершілікті сезіндіру, психологиялық көмек алудың маңызын түсіндіру. «Көмек сұрау – әлсіздік емес, даналық» екенін ұғындыру.
Дөңгелек үстелді мектеп психологы кіріспе сөзбен ашып, әр адамның өмірінде қиын сәттер болатынын, ол кезде қолдау мен кеңестің қажеттілігін атап өтті және оқушыларға үлкен әсер қалдырды. Жасөспірімдер көмек сұраудың дұрыс жолдарын түсініп, ата-ана, мұғалім және достардың қолдауын бағалауды үйренді.
«Көмек сұрау – әлсіздік емес, өмірде дұрыс шешім қабылдаудың бір қадамы» деген ой негізгі түйін болды.
