Skip to content

1 Қазан –«Қарттар» күніне орай «№33 жалпы білім беретін мектеп»…

1 Қазан –«Қарттар» күніне орай «№33 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің мұғалімдері мен 8 “Ә” сынып оқушылары және ата-аналарының қолдауымен Ақтау қаласындағы Қарттар үйіне қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – үлкендерді қуанышқа бөлеу, құрмет көрсету және жас ұрпақтың бойында адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру болды.
«Қарттарым – асыл қазынам» атты шағын концерт ұйымдастырылып, оқушылар өнерлерін ортаға салды.
Бұл ерекше күні оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ата-әжелерге қуаныш сыйлады. Сонымен қатар, қарттарымызға тәттілер, жеміс-жидектер және жылы шұлықтар тарту етіліп, жан жылуын жеткізуге тырыстық. 🍬🍎🧦
Осындай игі іске атсалысқан ата-аналарымызға шын жүректен алғысымызды білдіреміз! 🤝
Сіздердің қолдауларыңыз – жас ұрпаққа үлгі, мейірімділік пен рухани құндылықтың көрінісі. ❤️
Қарттарымыздың алғысы мен ақ батасы – біз үшін ең үлкен сый!
Қарттарымыз аман болсын. Қамқорлық пен ізгілік әрқашан жалғасын тапсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *